«Қош келдің, әз Наурыз!» мерекелік шарасы «Керуен сарай» туристік кешені аумағында өтті, деп хабарлайды 24kz. 30-ға жуық киіз үй тігілді. Жиналған жұрт жергілікті шеберлердің қолынан шыққан бұйымдарды тамашалап, қазақ халқының бай мәдениетімен танысты. Ал қылқалам шеберлерінің туындылары көздің жауын алды. Ұлттық тағамдар көрмесінде аспаздар ұмыт бола бастаған тағам түрлерін қайта жаңғыртты. Арқан тартыс, қазақ күресі, қошқар көтеру, асық ату сияқты ойындар көпшілікті тәнті етті.
#Жаңалықтар #Новости #24KZ #хабар24